Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда емханалардың COVID-19 екінші толқынына дайындығы туралы айтылды

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №2 Қалалық емхананың бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нүрия Қалмұратова респираторлық аурулар көбейген кездегі емханалардың жұмыс ерекшелігі туралы айтты. Коронавирус инфекциясының, сондай-ақ басқа да респираторлық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында күз-қыс маусымында емханалар қызметі бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, жүзеге асырылады.

«Емхана табалдырығынан аттап кіру — температураны өлшеу және ЖРВИ, КВИ белгілері бойынша пациенттерді тексеру арқылы және тек қана белгіленген жолмен, „триаждау“ жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Кіре берісте жылу бақылау құрылғысы орнатылған. Науқастарды қабылдау қатаң түрде алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Санитарлық тазартқыштар емханаға кіре берісте, дәліздерде, баспалдақ алаңдарында орнатылған. Келушілердің әлеуметтік арақашықтығын және қозғалыс бағытын қамтамасыз ету үшін еден белгілері, қоршаулар мен тосқауыл таспалар орналастырылған», — деді Нүрия Қалмұратова.

Емхана аймағы «лас» және «таза» аймақтарға бөлінген. Қызметкерлер мен науқастар үшін бөлек кіреберістер бар. Емханада фильтр жұмыс істейді, оған дене қызуы көтерілген, жұқпалы аурулардың белгілері бар, ЖРВИ, тұмаумен ауыратын науқастар жіберіледі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.