Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда электр самокатын жүргізуді үйрететін арнайы мектеп ашылды

Мақсаты – қалада қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету.

Алматыда электр самокатын жүргізуді үйрететін арнайы мектеп ашылды.

Нұсқаушылар азаматтарға құрылғыны қауіпсіз пайдалану ережесін тегін үйретеді. Тұрғындарға жолда жүру ережелерімен қоса, электр самокатын дұрыс жүргізу және тұраққа қою әдісі түсіндіріледі. Нәтижесінде  арнайы сынақтан өткен пайдаланушылар жеңілдік бонусын алуға мүмкіндік беретін промокодқа ие болады. Сондай-ақ оларға жылдамдықты арттыруға да мүмкіндік беріледі.

«Қазіргі уақытта біз әкімдікпен меморандум жасап, автомектеп ашамыз деп ережелерді бекіттік. Қалада қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін біз пайдаланушыларды оқытамыз», – деді самокаттарды жалға беру компаниясының өкілі Станислав Молчанов.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.