Бұл бірнеше көшелердің тұрғындарын және бау-бақша серіктестіктерін үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Алматы қаласының Медеу ауданында тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін ұзындығы 5 км "Дружба Спорт" бау-бақша серіктестігінің электр желілерін қайта жаңарту және 3 трансформаторлық қосалқы станция орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді. Оның мәліметінше, бүгінде 93 бағананы орнату жұмыстары аяқталып,2 км жерасты кабелі мен 1,2 км әуе желісін монтаждау жалғасуда.
"Ұзындығы 33,8 км иесіз электр желілерін реконструкциялау және Горная, Шыбынсай көшелерін, Мұтау, Кеңсай (1,2,3,4) ш/а тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 11 трансформаторлық қосалқы станция салу жұмыстары аяқталды", - деді әкім.
Сондай-ақ, оның айтуынша, "Асқартау" ш/а электр желілерін салуға ЖСҚ әзірленуде. ЖСҚ-ны аяқтау мерзімі - ағымдағы жылдың қазан айы.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі