Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда дәрі-дәрмектің жоқтығына шағым түскен жоқ – ҚР ДСМ

Геосаяси жағдайға байланысты Алматыға дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесі жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедьяров айтты.

Брифинг барысында журналист спикерге Валидолды қалада тек орталық дәріханадан табуға болатынын айтты.

«Бүгінгі күні біздің департаментке қандай да бір дәрілік препараттардың жоқтығына қатысты шағым түскен жоқ. Білуімше, Валидолды бірнеше өндіруші бар, олар – Украина, Ресей өндірушілері. Валидол мәселесін анықтаймыз», - деді Мұрат Мұхамедьяров.

Ол сондай-ақ бұған дейін Цитрамонды жеткізуде іркіліс болғанын айтты.

«Егер препараттар болмаса, олардың аналогы бізде бар екенін айтқым келеді. Кейде белгілі бір ауруды емдеу үшін қажет белсенді заттар аралас дәрі-дәрмектердің құрамында болатын кездер болады. Сондықтан, қандай да бір препарат болмаған жағдайда, оны алмастыратын дәрі-дәрмектерді таңдау үшін емдеуші дәрігермен кеңесуді ұсынамын», - деді Мұрат Мұхамедьяров

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.