Эпидемиялық жағдайдың ушығуына және жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен демалыс күндері қала бойынша мониторингтік топтардың күшейтілген жұмысы жүргізіледі.
Осы мақсатта Медеу ауданы бойынша а.ж. қарашаның 13-нен 14-не қараған түні 4 ауданнан 9 мониторингтік топ құрылды: Медеу ауданы — 3 топ, Түрксіб ауданы — 2 топ, Бостандық ауданы — 2 топ, Жетісу ауданы — 2 топ.
Мониторингтік топтармен ауданның түнгі мекемелері қамтылды. Барлығы 72 нысан тексерілді. Тексеру кезінде 69 нысан жабық тұрған.
Келушілердің болу уақыты тоқтатылып, 350-ге жуық адам болған үш мекемеден қонақтар шығарылды.
Заң бұзушылықтармен келесі нысандар анықталды:
1. «Танцы бар» түнгі клубы (Гоголь к. 73).
2. «Nebo bar gallery and terrase» гастробары (Достық к. 192/2).
3. «Tennisi.kz» букмекерлік кеңсесі (Халиуллин к. 34/90).
Анықталған барлық бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалардан қажетті шараларды қабылдау үшін түсініктеме алынды. Сонымен бірге оқиға орындарында карантин шараларын қатаң сақтау қажеттігі туралы және бұзушылықтарды жою жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі