Осы жылдың 11 айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласы бойынша медициналық көмекті төлеуге КТМКК пакетінде 102,6 млрд.теңгеге жуық қарды бағыттады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев айтты.
«Филиал COVID-19 таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар үшін, атап айтқанда, COVID-19 коронавирусымен ауыратын науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетуге, COVID - 19 вирусының РНҚ анықтауға диагностикалық зерттеу үшін 21 млрд.697,7 млн. теңге мөлшерінде ақы төледі», - деп атап өтті Т. Әбілдаев.
Қызметкерлерге үстемеақы төлеу бойынша 2020 жылдың 8 айында (наурыз-қараша) филиал КВИ бойынша үстемеақы төлеуге 10 негізгі жеткізушімен шарт жасады.
Сондай-ақ, филиал COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне үстемақы төлеуге шарттар жасағандығын атап өткен жөн. Шарт 10 негізгі жеткізушімен жасалды. 2020 жылдың 9 айында төлемдер сомасы 15 млрд. 142,8 млн. теңгені құрады (46 213 адам), оның ішінде тәуекел топтары бойынша:
• 1 тәуекел тобы - 6 млрд. 795,8 млн. теңге (12 310 адам), 1 қызметкерге орташа айлық төлем-552 051 теңгені құрады;
• 2 тәуекел тобы – 6 млрд. 223,3 млн. теңге (19 953 адам), 1 қызметкерге орташа айлық төлем-311 900 теңгені құрады;
• 3 тәуекел тобы-2 млрд.123,7 млн. теңге (13 950 адам), 1 қызметкерге орташа айлық төлем – 152 235 теңгені құрады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі