Алматыда коронавирустық инфекциядан тағы 6 пациент сауығып емдеуден шығарылды.
Біріншісі, 30 наурызда Ыстамбұл – Куала-Лумпур – Алматы рейсімен ұшып келген 24 жасар қыз. Емдеу 18 күн ішінде жеңіл түрде өтті.
Екіншісі, 16 наурызда круиз лайнерімен келген 1953 жылы туған әйел. Келген соң карантинде болды, бірінші тесті теріс нәтиже көрсетті, кезекті тесті 28 наурыз күні оң нәтиже көрсеткен.
Үшіншісі, аурудың жеңіл жүруімен №11 Қалалық емхананың 38 жастағы медицина қызметкері. Емдеуде 17 күн болған.
Төртіншісі, бұл 26 наурызда Мәскеуден ұшып келген 1963 жылы туған әйел. Келген соң стационарға карантинге орналастырылды.
27 наурыздағы тесті оң нәтиже көрсетті. Емделуде 32 күн болды.
Бесіншісі, 1984 жылы туылған, Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасынан ауыстырылған әйел. Алматы облысының тұрғыны.
Алтыншысы, бұл 11 сәуірде емдеуге келіп түскен, жүктіліктің 6 аптасындағы 33 жасар әйел.
Ақпарат көзі: @stopcov