Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Біздің айналамыздағы әлем» атты көрме ашылды

Іс-шара 12 мамырға дейін жалғасады.

Алматы музейінде «Самоцвет» клубымен бірлескен «Біздің айналамыздағы әлем» көрмесі ашылды.

Қазіргі таңда «Самоцвет» клубында арнайы білімі бар суретші-ұстаздармен бірге басқа саланы игерсе де бейнелеу өнері өмірінің ажырамас бөлігіне айналған әуесқой суретшілер де бар. Көрмеде 60-тан астам жұмыс қойылды.

«Көрмеге келушілер суретшілердің шығармашылығымен танысып, авторлардың идеясы мен ізденісінен көрініс тапқан, гуашь, акварель, аралас техника, графика секілді түрлі көркемсурет техникасын қолданған туындысын көре алды. Суретшілердің жұмыстары қоршаған әлем шындығымен үйлесім табады», – деді ұйымдастырушылар.

Көрме 12 мамырға дейін жалғасады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.