Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда биыл 20 км велоинфрақұрылымға арналған жобалар әзірленеді

Мегаполисте барлығы 92 км вело инфрақұрылым жабдықталған.

Биыл Алматы қаласында 20 км көшеге арналған веложол жобаларын әзірлеу жоспарланған. Қазір жоба кеңсесі аясында қала әкімі Алматы кешенді көлік схемасы бойынша велоинфрақұрылымды орналастыру схемасын жаңартып жатыр.

Веложолақтың ұзындығы және жобаларды жүзеге асыру шарттары техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындағаннан кейін және Қазақстан заңнамасы бойынша нақты жобаны сараптаудың оң қорытындысын алған соң нақтыланады.

Айта кетейік, 2023 жылы Алматыда 3 км велоинфрақұрылым ұйымдастырылды: Манас көшесінің бойымен Сәтбаев көшесінің батыс жағынан Шевченко көшесіне дейін, сол арқылы Сәтбаев көшесін қаланың қалған велосипед желісімен және Бұқтырма мен Майлин көшесіне қосылатын Құлжа күре жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысындағы жолайырыққа дейін жалғайды.

Алматыда шағын мобильді көлік (велосипед, электрлі самокат) пайдаланушылардың өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін веложолақ желісін ұлғайту Алматы қаласының бас жоспарында қарастырылған. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен велоинфрақұрылым велосипедпен жүруде сұранысқа ие дәліздермен және орташа жөндеу, қайта құру немесе абаттандыру бағдарламалары аясында жүзеге асырылады.

Мегаполисте барлығы 92 км вело инфрақұрылым жабдықталған. Веложолақтың ұзындығы 25 км, ал веложол 67 км.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

16 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.