Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда бірнеше маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді

15 наурыздан бастап бірнеше маршруттың қозғалыс сызбасы өзгереді:
• № 18 («City-Bus» ЖШС)
• № 95 («АвтоАлмаТранс» ЖШС)
• № 121 («АлматыЭлектроТранс» ЖШС)
Аталған маршруттар енді «Алматы қалалық орталық клиникалық аурухана (№12 аурухана)» аялдамасына тоқтамайды. Ары қарай бағыт бойынша жүреді.

• №66 («АлматыЭлектроТранс» ЖШС)
Енді маршрут «Алматы қалалық орталық клиникалық аурухана (№12 аурухана)» аялдамасынан кейін Сәтпаев көшесімен жүріп, Әуезов көшесіне, кейін Жандосов көшесіне бұрылады. Ары қарай бағыт бойынша жүреді.

• №98 («City-Bus» ЖШС)
Енді маршрут «Алматы қалалық орталық клиникалық аурухана (№12 аурухана)» аялдамасынан кейін Сәтпаев көшесімен жүріп, Әуезов көшесіне, кейін Тимирязев көшесіне бұрылады. Ары қарай бағыт бойынша жүреді.

• №211 («АлматыЭлектроТранс» ЖШС)
Енді бағыт Алма-Арасан шатқалынан кейін Аюсай шатқалына барады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы көлік холдингі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.