Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда бір жылдың ішінде құрылыс нысандары 1074 рет жоспардан тыс тексерілді

Нәтижесінде 22 нысан сүрілді.

Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасы былтыр соттарға заң талаптар мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 174 талап-арыз жолдады. Оның 81-і қанағаттандырылды, 93-і қаралып жатыр.

Бұл ретте, 86 талап-арыз бұзуға жіберілді, 41 талап-арыз бойынша оң сот шешімі шығарылды, 45-і қаралып жатыр. Нұсқаманы орындауға 88 талап қойылды, оның ішінде сот 40 талап-арызды қанағаттандырды, қалғандары қаралуда. Соның нәтижесінде 22 нысан сүрілді.

Бақылау функциялары аясында 2023 жылы басқарма жоспардан тыс 1074 тексеру жүргізді, атап айтқанда, қала тұрғындарының өтініші негізінде 1140 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтарды жоюға 634 нұсқама берілді. Сапасыз құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырғаны үшін 68 ұйым жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, салынып жатқан нысандар бойынша толық әрі соңғы ақпарат алу үшін азаматтарға арнап 8-705-896-60-00 нөмірі бойынша анықтама желісі іске қосылды. 2023 жылы осы арна арқылы Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасына 3 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

15 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.