Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда балалардың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қосымша ақша бөлінеді

Қала әкімі 4,5 млрд теңге қарастырып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда 44 мыңнан астам бала 594 спорт секциясына тегін барады. Бір уақытта 56 мың бала 1 179 шығармашылық үйірмеге қатысады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысы барысында айтты.

«Бұл бастаманы алматылықтар жақсы бағалап отырғанын айта кету қажет. Өтініш өте көп. Бұл 2,6 млрд теңге сомасына кредиттік берешектің қалыптасуына себеп болды (1,7 млрд тг. – спорт,900 млн. тг. - мәдениет). Осыған байланысты, Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында біз қосымша 4,5 млрд теңге қарастырып отырмыз. Оның 3 млрд теңгесі спорт секцияларына және 1,5 млрд теңгесі шығармашылық үйірмелерге бөлінеді», - деді қала әкімі.

Бұл ретте, ARTSPORTEDU.KZ бағдарламасының өзінде балалардың, өнім берушілердің деректерін тексеруге, мемлекеттік органдардың деректер базасымен толық интеграцияның  болмауына байланысты проблемалар бар.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.