Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда айып тұрағынан көлікті қайтару рәсімі жеңілдетілді

ПД ӘПБ мен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арасындағы мекемеаралық комиссия шешімімен «Көкжиек» шағынауданында орналасқан қаладағы ең үлкен айып тұрағында әкімшілік полиция бекеті ашылды.

«Қазіргі таңда көлікті қайтару барлық құқықтық процедураларды қосқанда ұзақ уақытты алады. Бірақ бүгіннен бастап (13 қараша) жүргізушілер құжаттарын айып тұрағындағы әкімшілік полиция бекетінде рәсімдей алады. Бұл аудан бойынша ІІБ-на жүгіну қажеттігін жояды және айып тұрағынан көлікті шығару үдерісін айтарлықтай қысқартады», - деп хабарлайды Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Бұл ретте, мекеме көлік жүргізушілерін ЖЖЕ бұзбауға және бірінші кезекте өз өмірінің қауіпсіздігі үшін заңдарды сақтауға шақырды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.