Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фермерлер 125 тоннадан астам өнім әкеледі.

Алдағы демалыс күндері, 4-5 қарашада Алматы қаласының төрт ауданында 10 дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған Алматы облысының жақын маңдағы, оның ішінде Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады.

Жәрмеңкеде 50-ден астам өнім түрі ұсынылады, оның ішінде ет-сүт, жеміс-көкөніс, сүт, шұжық, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б. Жалпы өнім көлемі – 125 тоннадан астам.

Демалыс күндері жәрмеңке мына мекенжайларда өтеді:

1. Гоголь - Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);

2. Қазақфильм шағын ауданы (Бостандық ауданы);

3. Абай даңғылы, Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);

4. Меңдіқұлов көшесі, Бектұров көшесі, Шевченко көшесі, Қонаев көшесінің бұрышы (Медеу ауданы).

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері апта сайын сенбі және жексенбі күндері Алматы қаласында өтеді. 2023 жылдың басынан бері Алматы қаласында 420-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін демалыс күндері қосымша 90-ға жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.