Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Ауғанстан ардагерлеріне арналған Ашық есік күні өтеді

Олар невропатолог, кардиолог, офтальмолог, ортопед және басқа жоғары мамандандырылған дәрігерлердің тексеруінен өте алады

Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының барлық ведомстволық бағынысты амбулаторлық-емханалық ұйымында Ауғанстан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне арналған ашық есік күні өтеді.

Интернационалист жауынгерлерге кез келген медициналық және консультативтік медициналық көмек тегін көрсетіледі.

Олар невропатолог, кардиолог, офтальмолог, ортопед және басқа жоғары мамандандырылған дәрігерлердің тексеруінен және ЭКГ, ФГДС, УДЗ, зертханалық зерттеулер сияқты медициналық тексерулерден өте алады.

Тасымалдауға жарамсыз мүгедектер үшін үй жағдайында тар мамандықтағы дәрігерлердің тексеруі ұйымдастырылады.

«Мұндай шара жыл сайын осы күнді тойлау қарсаңында өткізіліп тұрады. Бұл біздің интернационалист-жауынгерлеріміздің өмір сүру сапасын жақсартып, ауруды ерте анықтауға септігін тигізері сөзсіз», - дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдік-профилактикалық қызмет және мониторинг, талдау, цифрландыру мен мемлекеттік қызметтер бөлімінің меңгерушісі Ләйлә Иманғалиева.

Тексеру кезінде ауруханаға жатқызу үшін іріктеу жүргізіледі, көрсеткіштер бойынша күндізгі стационарға немесе үйдегі стационарлар ұйымына жолдама, санаторлық-курорттық емделу үшін медициналық себеп бойынша анықтама беріледі.

Аталған қабылдау туралы толық ақпарат қала медициналық ұйымдарының сайты мен әлеуметтік желілерінде орналастырылған.

 

Ақпарат көзі: Almaty.tv.

24 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.