Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда арықтар тазаланды

16 мың м3 қоқыс пен тұнба шығарылды.

Ақпан айының соңында қардың  жаппай еруінің алдында су басып қалу қаупін болдырмау үшін Алматы қаласы аудандары әкімдіктерінің мердігерлік кәсіпорындары жалпы ұзындығы 1145,7 км арық желілері мен өткелдерді тазартты, күн сайын 60-тан астам арнайы техника мен 300 қызметкер жұмылдырылды. 16 мың м3 қоқыс пен тұнба шығарылды.

Жауын-шашынның салдарынан наурыз айында жолдың жүріс бөлігі астындағы жерасты арық өткелдерінде тұрмыстық қоқыстың салдарынан арықтардан нөсер суларының құйылу жағдайлары тіркелді. 

Осыған байланысты нөсер суларының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін қала тұрғындары мен қонақтарына арық желісіне қоқыс тастамауды сұраймыз.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.