Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді

2023 жылғы 18-19 қарашада сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысының 60 шаруа қожалықтарының қатысуымен кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 150 тонна, оның ішінде ет – 25 тонна, жеміс – көкөніс – 100 тонна, сүт – 10 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері - 10 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңы,Қонаев көшесі мен Пушкин көшесінің арасында. Сонымен қаатар, демалыс күнгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері қаланың мына аудандарында да өтеді:

1. Гоголь-Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);

2. «Қазақфильм» шағынауданы (Бостандық ауданы);

3. Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);

4. Меңдіқұлов көшесі мен Бектұров көшесінің қиылысы, Шевченко көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысы (Медеу ауданы).

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.