Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда алғашқы рет халықаралық фортепиано музыкасы фестивалі өтеді

Фестиваль Ева Коганның 95 жылдығына арналады.

9-13 қазан аралығында Алматыда алғашқы рет Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh Piano Fest – 2023» фортепиано музыкасының халықаралық фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында Қазақстан, АҚШ, Ресей, Грузия, Румыния және Германиядан келген фортепиано музыкасының үздік өкілдері өнер көрсетеді.

Фестиваль регламенті мынадай іс-шаралардан тұрады:

9 қазан, 14:00

Баспасөз конференциясы. Консерваторияның үлкен концерттік залы;

9 қазан, 19:00

Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh piano fest – 2023» I Халықаралық фортепиано музыка фестивалінің ашылуы. Консерваторияның үлкен концерттік залы;

10 қазан, 19:00

«Crescendo» жас пианистердің концерті. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы;

11 қазан, 10:00

Вадим Пальмовтың шеберлік дәрісі. Консерваторияның №204 аудиториясы;

11 Қазан, 15:00

«Қазақстан менің жүрегімде. Коган музыкалық әулетіне арнау» кітабының ашылу салтанаты. Консерваторияның мәжіліс залы;

11 қазан, 19:00

Елена Шиннің «Ұстазды еске алу» фортепиано музыкасының концерті. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы;

12 қазан, 10:00

Манана Гоциридзенің шеберлік дәрісі. Е. Коган атындағы консерваторияның №211 фортепиано аудиториясы;

12 қазан, 19:00

«Қазақ рапсодиясы» фортепианолық музыка кеші. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы;

13 қазан, 10:00

Дмитрий Новгородскийдің шығармашылық кездесуі және шеберлік дәрісі. К. Бәйсейітова атындағы РММОМИ-ның үлкен залы;

13 қазан, 19:00

Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh piano fest – 2023» I Халықаралық фортепиано музыкасы фестивалінің салтанатты жабылуы Консерваторияның үлкен концерттік залы.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.