Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 57 мың шаршы метр жол жөнделді

Мегаполисте жолдарды ағымдағы жөндеу жалғасуда, 460 көшедегі 3 мыңға жуық шұңқыр жойылды.

Сәуір айының басынан бері қолайлы ауа райы жағдайында 459 көшедегі 2936 ақау жөнделді - шұңқыр, ойық, шөгу. Оның ішінде 96 магистральды, 363 аудандық маңызы бар жол. Жөнделген жолдардың жалпы алаңы 56 729 шаршы метрді құрайды. Жұмыс барысында 656 люк пен тор көтеріліп, 1370 метр бордюр тастары қалпына келтірілді.

Барлығы 240 шаршы метрден астам асфальтбетон жабынын, 40 аялдама қалтасы мен алаңдарын жөндеу жоспарланған.

Күн сайын жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника тартылады.

27 сәуірдегі жол жұмыстарының жоспары:

Алатау ауданы:

1. Күдерин – Рысқұлов жол айрығы

2. Мөңке би көш.

Жетісу ауданы:

1. Айнабұлақ ы/а

2. Есім хан көш.

3. Қазыбаев көш.

Әуезов ауданы:

1. Садовников көш.

2. Пятницкий көш.

3. 2-ші ы/а

4. Щепкин көш.

Наурызбай ауданы:

1. Ақбата көш.

2. Сағдиев көш.

3. Елібаев көш.

4. Смайылов көш.

Алмалы ауданы:

1. Дүйсенов көш.

2. Карьерная көш.

Медеу ауданы:

1. Уәлиханов көш.

2. Төлебаев көш.

3. Игішев көш.

Түрксіб ауданы:

1. Баймағамбетов көш.

2. Жас қанат ы/а

3. Айтықов көш.

Бостандық ауданы:

1. Қожакеев көш.

2. Мұстафин көш.

3. Биокомбинат көш.

4. Көктем ы/а

Қала тұрғындарынан жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.