Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 40-тан астам ойын автоматы жойылды

Олар ойын-сауық клубтарынан тәркіленген

Олардың дені ойын-сауық клубтарынан тәркіленген. Алматы облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр тексеріс барысында заңсыз бизнестің 29 дерегі анықталған. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу мақсатында өткен жылы 110 ойын мекемесінің қызметі тоқтағанын хабарланған болатын.

«Заңсыз ойын фактілерімен күрес – Қаржы мониторингі агенттігінің қызметінде басым бағыттардың бірі. Заңсыз орнатылған ойын терминалы анықталды. Олар тәркіленіп, тиісті сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», – деді Алматы облыстық экономикалық тергеу департаментінің аға жедел уәкілі Құрбан Нұратдинов.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.