Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 3 мамыр сағат 17.00-дегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1278 жағдайы тіркелді

Жаңа жағдайлар – 38. Оның ішінде 3 үй ошағынан, қалғандары вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

Вирусы жаңадан анықталған адамдармен байланыста болған барлық жақын адамдары табылды және карантинге орналастырылды.

Жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19 вирусынан бүгінгі күні 1111 пациент емделуде.

2 адамның жай-күйі өте ауыр, 25 адамда — ауыр, 263-інде ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында — қанағаттанарлық.

Кешегі күні Алматыда коронавирустық инфекциядан 30 адам және бүгін 17 адам сауығып емдеуден шығарылды.

Мегаполисте тәулігіне емдеуден шығарылғандар саны 47 адамды құрайды.

Бүгін Орталық қалалық клиникалық аурухананың 9 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 8 адам, кеше Орталық қалалық клиникалық аурухананың 15 медицина қызметкері, 1 санитарлық дәрігер, 2013 жылы туған 2 бала, №17 қалалық емхананың 1 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 11 адам емдеуден шығарылды.

Қазіргі уақытта Алматыда жалпы 159 адам емдеуден шығарылды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.