Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 250 мың шаршы метр жол жөнделеді

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 162 жұмыс орны құрылды – 16 бригада мен 45 арнайы техника тартылған.

Ағымдағы (шұңқырларды) жөндеу бойынша 250 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны төсеу, 40 аялдама қалтасы мен алаңын ретке келтіру жоспарланған.

Қазіргі кезде ағымдағы (шұңқырларды) жөндеу жұмыстары бірінші кезекте магистральді көшелерде жүргізіліп, кейін біртіндеп аудандық маңызы бар көшелерде жалғасады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары аудан әкімдіктерінің өтінімдері, ПД ӘПБ-ның ұйығарымдары, Open Almaty және т.б. арқылы ақаулардың анықталуына қарай тұрақты түрде жүргізіледі.

Ағымдағы (шұңқырларды) жөндеу жұмыстары көктем-жаз-күз кезінде, орташа тәуліктік ауа температурасы +10°С және одан жоғары болып, жер құрғағанда жүргізіледі.

Қыс маусымында көше-жол жабынындағы ақауларды суық/жылы асфальтбетон қоспасын немесе брусчатканы төсеп, инертті материалдармен толтыру (апаттық-қалпына келтіру) арқылы уақытша жөнделеді, кейін көктем-жаз кезінде орташа тәуліктік ауа температурасы +10°С болып, жер құрғағанда ыстық асфальтбетон төселеді.

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3096,8 км, көше саны – 2746. Оның ішінде магистральды көше – 385, олардың ұзындығы 1150 км. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы 1946,8 км.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.