Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 200 мың тұрғынды қамтитын қосалқы электр станциясы салынып жатыр

Электр желілерін дамытудың 2030 жылға дейінгі жобасы әзірленді.

Электрмен жабдықтау саласын модернизациялау үшін 200 мың тұтынушыны қамтитын электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде.

2024 жылдың қыркүйегінде қуаты 80 МВт болатын «Тұзды бастау» ҚС-ның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Айта кетерлігі сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2040 жылға дейінгі перспективамен Алматы қаласының электр желілерін дамытудың 2030 жылға дейінгі сызбасының жобасы әзірленді.

Оған кабельдік желілерді, трансформаторлық қосалқы станцияларды, жабық тарату құрылғыларын салу және реконструкциялау кіреді. Алматы мен қалаға қосылған аумақтарды электрмен жабдықтау сызбасын әзірлеу қосымша электр қуатын қосу бойынша тапшылықты жоюға, Бас жоспарға сәйкес қаланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асырғаннан кейін тозған желілердің азаюына байланысты тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру жоспарлануда. Еске салсақ Алматы қаласы бойынша электр желісінің ұзындығы – 8,6 мың км, ал электр желілерінің тозуы 65% құрайды.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.