Қала әкімі Ерболат Досаев бұл туралы 2023-2024 жылғы жылыту маусымы барысында өткен жұмыс кеңесінде мәлімдеді.
Алматыда 20 км жылу желілері 2024 жылы реконструкцияланатын болады.
Бұл мегаполистің жылу желілерінің тозуын 1,8%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл туралы 2023-2024 жылғы жылыту маусымы барысында өткен жұмыс кеңесінде мәлімдеді.
Жиында қала басшысы инфрақұрылымның тозуын азайтуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыруға баса назар аударды. Алматы қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы тозуы 59,2%-ды құрады, 2023 жылы жүргізіліп жатқан шаралар жоспарланған 0,6%-дың орнына тозуды 1,3% - ға қысқартуға мүмкіндік берді. Осылайша, ағымдағы жылдың басында 25 жылдан астам пайдаланудағы тозған желілердің ұзындығы желілердің барлық ұзындығынан 802,6 км немесе 57,9% құрайды.
Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20 км жылу желілерін реконструкциялау жоспарлануда, бұл жылу желілерінің тозуын 1,8%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: Almaty.tv.
01 ақпан 2024