Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 12 мыңнан астам отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді - С. Тұяқбаев

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) жүзеге асыру туралы өткен баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 12183 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. АӘК жаңа тетіктері бойынша 50,4 мың адамға кеңес берілді, 15455 отбасының өтініштері қабылданды.

АӘК жаңа моделінде мыналар қарастырылған:

  1. АӘК тоқсан сайын тағайындауды қайтару;
  2. отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырманы анықтау;
  3. ұсынылған жұмыстан бас тартқан еңбекке жарамды азаматтарға талапты күшейту;
  4. бала күтімінде отырған аналарға бала үш жасқа келгенде еңбекпе қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру;
  5. учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша АӘК берілмейтін отбасыларға жәрдемақыны төлемеуді заң жүзінде бекіту және басқалары.

«АӘК аз қамтылған отбасыларға төленеді. Мұндағы басты өлшем отбасының әібір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем болуы тиіс», - деді Сапарбек Тұяқбаев

Оның үстіне көпбалалы отбасылары жеке санатқа енгізіледі әрі оларға кепілдемелі жәрдемақы тағайындалады. Мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар барлық отбасыларға табысына қарамастан төленеді. Жәрдемақы көлемі әр балаға 10 625 теңгеден келеді. Мысалы, 4 баласы бар отбасыға төленетін жәрдемақы көлемі 42500 теңге, 5 балаға – 53125 теңге, 6 балаға – 63750 теңге, 7 балаға 73375 теңге беріледі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.