Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда 1 наурызда сирена іске қосылады

Сондай-ақ сейсмикалық жаттығулар жүргізілетін болады.

Ертең дүниежүзілік азаматтық қорғау күніне орай сирена іске қосылады.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

  • 2023 жылғы 1 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10 шамасында республикалық құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеріледі.
  • Оқу-жаттығу тексеруі электр дабылдарын қосу арқылы теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізілгені туралы халыққа хабарлайды.
  • Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқау алу үшін оқып шығу керек.
  • Барлық ересек адамдар өздері үрейге берілмей, балаларға  сиренаның дыбысы - «Баршаның назарыңа!» дабылы екендігін түсіндіру қажет. Подъезд және тұрғылықты жері бойынша көршілерге хабарлаңыз. Олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін.
  • Кез келген дүрбелең мен қауесетті дереу тоқтатыңыз.
  • Осыған байланысты, Департамент Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырады! 
  • Сонымен қатар, сиреналар дабыл дыбыстарын іске қосқан кезде білім беру мекемелерде, адамдардың жаппай жиналатын орындарда, сондай-ақ ғимараттардан адамдарды алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, объектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізілетін болады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.