Алматы қалалық Мобилділік басқармасы Полиция департаментімен бірге қауіпсіздік белдеулеріне қызыл жол бояуларын жүргізді. Мұндағы мақсат — жүргізушілердің назарын жолдардың апатты-қауіпті учаскелеріне аудару. Осындай жолақтар әл-Фараби даңғылына, Сырғабеков, Водозабор, Желтоқсан, Бұхтырма көшелеріне жасалды және ақпараттық сипаты бар.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі