Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы квота енгізіледі

Жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы бойынша арнайы квота енгізіледі. Бұл туралы Алматы педагогтерінің тамыз форумында қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Форум барысында мұғалімдерді қолдау және педагог мәртебесін арттыруға арналған бағдарламалар сөз болды.

«Бізде «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бар. Жыл сайын 1000 адамның тұрғын үй сатып алу үшін арнайы қаржылық жағдай жасаймыз. Бағдарлама кең танылған, бұған жыл сайын көптеген үміткер қатысады. Сол себепті мен әріптестеріммен ақылдасып, келесі жылдан бастап жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізетінімізді мәлімдеймін. 1000 адамға тағы 100 квота қосылады: 50-і жас мұғалімдерге, 50-і жас дәрігерлерле», - деді қала әкімі.

Бұған қоса, әкім қаржылық мүмкіндік болған кезде мамандық пен жас мұғалімдердің дамуы үшін қосымша іс-шаралар қабылдауға және бағдарламаны кеңейтуге уәде берді.

Еске салайық, «Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасы төмен пайыздық мөлшерлемемен 2020 жылы басталған болатын.

Оған 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.