Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы - "Үздік спорттық аймақ": Астанада "Үздік" салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Елордадағы Президенттік орталықта Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша "Үздік" спортшыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Алматы қаласы "Үздік спорттық аймақ" деп танылды.

Сондай-ақ "Жылдың үздік серпіні" номинациясы бойынша Алматы қаласы спорт басқармасының "Мамандандырылған жоғары шеберлік мектебі" МКҚК спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ризабек Айтмұхан марапатталды. Сондай-ақ «үздік нәтиже» номинациясында - алматылық гимнаст Милад Карими болды.

Мұндай жетістіктерге спорттық инфрақұрылымды белсенді дамытудың нәтижесінде қол жеткізілді. 

Алматы қаласында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға арналған жалпы 3703 спорт ғимараты бар. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 1000 адамға шаққанда 2023 жылғы көрсеткіш 40,5%-ды құрайды.

Ағымдағы жылы 2500-ден астам спорттық-бұқаралық сипаттағы, оның ішінде 305 000-нан астам адам қамтылған 35 ірі халықаралық іс-шара өткізілді. Атап айтсақ, Алматы марафоны, веложарыстар, семсерлесуден Азия чемпионаты, армрестлингтен әлем чемпионаты, дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия Кубогы, үш бағыт  бойынша "Alatau Run-2023" тау жарысы, қалалық және экстремалды спорт түрлері бойынша жыл сайынғы фестиваль, "Almaty City Games 2023" жалпықалалық спорт ойындары, FIBA 3 * 3 Asia Zone Qualification, эстетикалық гимнастикадан әлем чемпионаты, каратэ және каратэ киокушинкайдан Азия чемпионаты, әртүрлі спорт түрлерінен ҚР чемпионаттары ұйымдастырылды.

Алматы қаласы - жастар арасында ұйымдастырылған төрт жылда бір рет өткізілетін IV жазғы кешенді жарыстардың чемпионы, VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара барысында ел атынан жыл бойы тұғырға шыққан спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары, спорт функционерлері 18 номинация бойынша марапатталды. Салтанатты шараға ҚР Парламентінің депутаттары, олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ биылғы әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және спорт журналистері қатысты

 

Дереккөз: Алматы қаласы спорт басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.