Азаматтық авиация комитетінің бас мемлекеттік инспекторы Амантай Қоқатаев Алматы халықаралық әуежайының президенті Болат Ержановқа ИКАО-ның III В жоғары санатын растайтын аэродромның жарамдылық сертификатын табыс етті. ТМД бойынша Алматы халықаралық әуежайы осы санатқа сай келетін жалғыз әуежай атанды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Енді ұшақтар (әуе кемесі мен экипажда осындай санат болса) қолайсыз ауа райы жағдайында да, мысалы тұман түсіп, көлденең көрініс 75 м-ге дейін, ал тік көрініс 0 м-ге дейін төмендегенде, Алматы әуежайынан ұшып-қона алады.
Жақында екінші ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары және жаңа екі рульдеу жолының құрылысы аяқталды, ұшу-қону жолақтарының екеуінде де бірегей жарық дыбыстық жабдықтар орнатылды.
Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін екінші ұшу-қону жолағы III B санаты бойынша қайта сертификатталды, бірінші ұшу-қону жолағы да ұқсас сертификат алды (бұрын ИКАО-ның II санаты болған).
Айта кетсек, 2011 жылы екінші ұшу-қону жолағы ИКАО-ның III B санаты бойынша сертификаттаудан кейін қолайсыз күн райына байланысты қосымша аэродромға жіберілген рейстер саны 2010 жылғы 176-дан 2018 жылы 38-ге дейін төмендеді.