Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау деңгейі 5 балдық көрсеткіш бойынша 4,4 балды құрады

«Алматылықтар үйінде»: Алматы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау деңгейі 5 балдық көрсеткіш бойынша 4,4 балды құрады

Алматыда «Сергек» жүйесі мен оның берген мәліметтерін қолдана отырып, көшелердегі көлік кептелісінің қорытындысымен бірге алматылықтардың
өзін-өзі оқшаулау деңгейі анықталуда.

2020 жылдың 11 наурызынан бастап Алматы жолдарындағы көліктер саны 80 пайызға дейін азайған болатын. Ол «Сергек» жүйесіндегі карантинге дейінгі қалыпты жұмыс күні мен төтенше жағдай енгізіліп, карантин басталғандағы қалалық трафиктің деректерін салыстыру арқылы анықталған.

Тұрақтандырылған 5 деген баға – қалада мүлдем машина жоқ дегенді білдіреді. Қалыпты жұмыс күні балл 0,5-ке тең. 0 деген баға – көлік кептелісін білдіреді. Карантин кезінде қалалық қызметтік, полиция, жедел жәрдем, азық-түлік жеткізу және т.б. қызметтік көлік қозғалысын есепке алсақ, ең жоғары бал «4,8»- ге жетуі мүмкін. Кешенді шаралар мен алматылықтардың жауапкершілігінің арқасында қаладағы белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өз-өзін оқшаулауын 4,4 баллға дейін арттыру мүмкін болды.

Өзін-өзі оқшаулау деңгейі – бұл «Сергек» және «Яндекс» қызметтерінің деректері бойынша есептелген көрсеткіш.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.