Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы тұрғындарына көшеттерді тегін тарату басталды

Алматыда 10 сәуірде «Жасыл аула» науқаны аясында көшеттерді тарату басталды. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының мамандары 50 мекенжайға барып, 500-ге жуық жапырақты ағаш көшетін таратты.

Өтініш бергендердің бірі – Бөгенбай батыр көшесіндегі №146 үйдің тұрғындары. ЖЭБ қызметкерлері олармен бірге 18 шие мен акация көшетін отырғызды.

«Биылғы көктемде көшеттерге деген сұраныстың артқаны байқалады. 10 күн ішінде бізге 2000 ағаш алуға өтініштер түсті. 10 сәуірде алғашқы мекенжайларға ағаштарды жеткізе бастадық. «Жасыл аула» науқаны қаланы көгалдандыру жөніндегі Jasyl Almaty бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр», - деді Алматы жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Алмалы ауданының тұрғыны Әдия Байдилдина өз ойын айтты.

«Біз көшеттерді тарату туралы хабарландыруды көріп, тез арада өтініш бердік. Ауламыз шағын болғанымен, оның жасыл болғанын қалаймыз. Ағаш еккенді бұрыннан қалайтынмын. Анам екеуміз күтіп баптаймыз, енді бұл біздің мақтанышымыз», - деді алматылық тұрғын.

Ағаш отырғызғанда оның тамыр жаюы басты назарда болуы тиіс. Сондықтан алғашқы екі жылда өте мұқият қарау керек: су құйып, тыңайту қажет. Бұл үшін науқанға қатысушылар көшеттерді күтіп баптау жайлы кепілдікке қол қойды. Тұрғындарға ағашты отырғызу және күтіп баптау ережелері жазылған кітапшалар таратылды.

Ағаш егуге үй тұрғындары мен ЖЭБ мамандары қатысты. Іс-шара санитарлық нормаларға сәйкес өтті, бетперде режимі мен әлеуметтік арақашықтық сақталды.

Еске салсақ, биылғы 10 сәуірде көшеттерді алуға өтінім қабылдау аяқталды. Акцияның қалған қатысушыларына 17-18 сәуірде жасыл желек көшеттері беріледі. Тарату кезекпен жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.