Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу тастады

Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақыруда.

«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Ауа-райының нашарлауы бірінші кезекте жалпы жол жағдайына әсер етеді. Осыған орай, көлік жүргізушілеріне көліктерін қыс маусымына алдын ала дайындап, дөңгелектерін ауыстыруға шақырамын. Ал, ең бастысы - жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтап, көлік жүргізу мәдениетінің деңгейін көтеру. Бұл қала жолдарындағы қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектеседі. Өзара сыйластық пен тәртіп – жол қауіпсіздігінің кепілі және еліміздің ең ірі қаласында жол-көлік оқиғаларын азайтудың шешуші факторларының бірі», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шумаев.

Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 20-30 қарашасы аралығында «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған.

Анықтама үшін: ағымдағы жылдың 10 айында Алматыда 2 мың 991 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 84 адам қаза тауып, тағы 3 мың 211 адам жарақат алған.

 

Дереккөз: Алматы қаласының Полиция департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.