Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

2022 жылы 6 сәуірде сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Талдықорған қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық жедел штабы "Батыл Тойтарыс-2022" терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы орган күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оның жолын кесу, сондай-ақ оның салдарларын барынша азайту әрі жою бойынша міндеттерді орындауда практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.

Түрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа тартылған адамдар мен арнайы техниканың едәуір бөлігі қатыстырылады.

Осыған байланысты шектеу шаралары қарастырылған, оның ішінде Медеу көшесіндегі көлік қозғалысына қатысты шектеу де бар.

«Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз»,- деп хабарлады Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы.

 

Дереккөз: Zakon.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.