Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Қаланың 295 мектебінде оқу жылының аяқталуына орай салтанатты жиындар өтті. Биылғы жылы мектепті 12 355 түлек бітірді, оның ішінде 613-і «Алтын белгіге», 973-і Үздік аттестатқа үміткер.

«Алда үлкен сынақ – мемлекеттік емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу. Осы сыннан барлықтарыңыз сүрінбей өтуге шын жүректен тілектеспін. Алған білімдеріңіздің арқасында Сіздер әлемнің немесе еліміздің кез келген жоғары оқу орнын таңдай аласыздар. Тек Алматының өзінде 36 жоғары орны бар. Таңдаған оқу орындарыңызға түсіп, қалаған мамандық иесі болыңыздар», - Алматы әкімінің Алматы түлектеріне үндеуінде айтылған.

Биылғы жылы 2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында білім беру сапасын арттыру және пандемия мен шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында оқушылар үшін қосымша оқыту ұйымдастырылатын болады.

9, 11 сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. 9-шы сыныптарда 28 мамырдан 6 маусым, ал 11-ші сыныптарда 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. 11-ші сынып түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады.

Биылғы жылдан  бастап талапкерлерге ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік беріледі. Екі мүмкіндіктің көмегімен тек мамандандырылған пәндердің бір комбинациясын таңдауға болады. Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.