Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Алматы марафонына» 15 мыңнан астам спортшы қатысады

1 қазанда Орталық Азиядағы ең ауқымды жарысы — «Алматы марафоны» он екінші рет өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған.

Марафоннан түскен қаржының дені қайырымдылық мақсатқа жұмсалады. Былтыр 45 млн теңгеден астам қаражат Қаскелең мен Талғардағы мүгедек балаларға арналған мектеп-интернаттарға, «Солнышко» балалар үйі мен «Rehab Team» оңалту орталығына спорт нысандарын салып, қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге бөлінді.

Жарыс Сәтбаев көшесі, Сейфуллин даңғылы, әл-Фараби даңғылы, Сайын көшесі, Абай даңғылымен өтеді. 1 қазанда сағат 7:00–ден 13:30–ға дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Спортшылар жүгіріп өткен көшелерде біртіндеп жол ашылады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.