Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімі: Жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Жаңа Алматы» кешенді жоспарын іске асыру аясында қаланың шеткі аймақтарындағы көлік, бизнес және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша 286 жоба қолға алынды. Бүгінгі күні тұрғындардың 98,5%-ті орталық су жүйесіне қосылған, үйлердің 99,2%-тіне газ тартылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады.

Оның айтуынша, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, мемлекеттік бюджет есебінен 3,9 мың пәтер салынады.

«Өткен кезеңде барлығы 3516 отбасы баспанамен қамтылды. «Шаңырақ» пилоттық жобасы басталды, бұл 1214 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.  «Алматы Жастары» бағдарламасы екінші жыл бойы жұмыс істеп келеді. Әр жылда 1 мың пәтер беріледі. Биыл 910 отбасы баспаналы болды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша - 431 отбасы, коммуналдық тұрғын үй қорынан - 61 отбасы пәтерлермен қамтамасыз етілді. Меншік иелерінің бірлестігі қағидаттарын енгізу шеңберінде жыл басынан бері 2500 көппәтерлі тұрғын үйді қамтумен 800 жиналыс өткізілді. Алматыда басқарудың 2985 жаңа нысаны тіркелген», - деді Б.Сағынтаев.

 

Ақпарат көзі: Орталық коммуникациялар қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.