Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы жол инфрақұрылымы жайлы айтып берді

Жыл басынан аудандағы 124 жол учаскесіне ағымдағы (шұңқыр) жөндеу жүргізілді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде аудандағы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, осы жылдың басынан бастап жалпы ауданы 28 мың кв. метр болатын 124 жол учаскесіне ағымдағы (шұңқыр) жөндеу жүргізілді, ұзындығы 26,3 км 21 көше орташа жөндеуден өтті.

"Сіздердің өтініштеріңіздің негізінде Көкжиек шағынауданында тротуарлар мен арықтармен бірге жолдарға жөндеу жүргізілді. Қараша айының соңына дейін 2-Гончарная көшесінде орташа жөндеу аяқталады", - деді әкім.

Қала әкімі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 29 мекенжайда ұзындығы 16,3 км жаңа тротуар салынғанын айтып өтті. Сондай-ақ адамдар жүретін өткелдерде 3 бағдаршам орнатылды.

"Тұрғындардың өтініш-тілектерін ескере отырып, Жетісу базарынан Адем сауда үйіне дейін ұзындығы 28 км құрайтын №138 жаңа маршрут ұйымдастырылды. №46 маршрут 1 км-ге ұзартылды (Кемел шағынауданында Есімхан көшесінен Арлан көшесіне дейін) автобустар саны 10-нан 12-ге көбейді", - деді мегаполис басшысы.

Сонымен қатар 8 маршруттың (№40, 41, 70, 135, 52, 56, 69, 80) жылжымалы құрамы толық жаңартылды.

Қыркүйек және қазан айларында Жетісу ауданында 30 жаңа аялдама кешені орнатылды.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.