Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қала басшысы Ерболат Досаев 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының туыстары мен жақындары, мәдениет қайраткерлері, қоғам өкілдері қатысты. Нөсер жаңбырға қарамастан, еске алу күні рәсіміне қаланың 100-ден астам тұрғыны жиналды. Олар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Еске алу шарасы барысында жазушы Смағұл Елубай, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Хангелді Әбжанов, кинорежиссер Геннадий Земель сөз сөйледі. Еске алу шарасына қатысушылар қайғылы оқиғаларды есте сақтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Әр түрлі мәліметтер бойынша, өткен ғасырдың 30-шы жылдарында халық саны 3 миллионнан астам адамға азайды. Еліміздің 100 мыңнан астам тұрғыны саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Бұл күндері қалада түрлі естелік іс-шаралар, соның ішінде "дөңгелек үстелдер" форматындағы конференциялар, тарихи-ағартушылық дәрістер, театрландырылған қойылымдар, кітапханаларда фото және кітап көрмелері, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулері және т. б. өтуде.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.