Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімі «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

Алматыда Республика Сарайының алдында қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен мектеп түлектерін «Алтын белгі» белгісімен марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға сондай-ақ Қазақ ұлттық педагогикалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы Гүлмира Исимбаева, еңбек ардагерлері, мектептің үздік педагогтары және т.б. қатысты

​Биыл қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек бітіріп, оның ішінде 605 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың үздік түлектерін құттықтап, оларға жоғары оқу орындарына түсу кезінде табыс тіледі.

​Салтанатты шараның шарықтау шегі Қазақ ұлттық опера және балет театры вокалистерінің музыкалық сүйемелдеуімен орындалған түлектердің вальсі болды. Салтанатты шара мерекелік отшашумен аяқталды.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.