Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігінің қалпына келтірілген ғимараты сейсмикалық қауіп төнген жағдайда 10 баллға төтеп бере алады – мердігер

Қалалық әкімдік ғимаратында энергия үнемдеу технологиялары қолданылып, өртке төзімді материалдар пайдаланылды, сондай-ақ барлық қабаттар бойынша өрт сөндіру және кіруді бақылау жүйелері бар. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарды ескере отырып, ғимараттың сейсмикалық күшеюі мен жер сілкінісіне төзімділігі бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

«Әкімдік ғимаратын реконструкциялау кезінде бөлшектеу барысында белгілі бір қиындықтар байқалды. Мысалы, өрт кезінде бірнеше плиталар беріктігін жоғалтты және оларды жаңа жолмен толтырып, күшейтуге тура келді. Сейсмикалық күшейту жұмыстары аясында металдың көп мөлшері жұмсалды, қазір бұл жұмыстар көрінбейді, бірақ төтенше жағдай кезінде берік конструкциялар ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді», - деді «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Әміржан Нәбиев.

Оның айтуынша, Алматы әкімдігінің ғимараты реколнструкциядан кейін жер сілкінісі болған жағдайда 10 баллға төтеп бере алады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.