Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігінде колледждерде қашықтан оқыту қалай жүріп жатқаны айтылды

Алматы қаласы Білім басқармасында жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінде оқу процесінің ұйымдастырылуы туралы айтылды. Барлық колледждер алдын-ала ақпараттандырылып, сапалы қашықтан білім беруді қамтамасыз ету үшін барлық мәселелер талданып, пысықталғаны хабарланды.

Қалада ТжКБ-ның 82 оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 22-сі мемлекеттік, 60-ы жекеменшік колледж. Білім алушылар контингенті - 66 мың адам.

«Оқу жылының басында педагогтар саны шамамен 4025 адамды құрады. Барлық педагогтар интернетпен және компьютерлермен қамтамасыз етілген. 3700-ден астам педагог IT құзыреттіліктерді арттыру курстарынан өтті. 18 қыркүйекке дейін барлық педагогтерді IT құзыреттілік курстарынан 100% өткізу жоспарлануда», — деп хабарлады Білім басқармасы ТжКБ бөлімінің басшысы Әсет Мұханбетов.

Барлық колледждер Paragraph.bilim, EduPage, SmartCommunity, Moodle, SmartNation, Platonus, GoogleClassroom, Kanvas сандық прлатформаға қосылған.

14 мыңнан астам сандық ресурстан каталог құрылды. Оның ішінде 2317 бейне сабақ, 405 электрондық оқулық, 11 575 қосымша материал бар. Бұл каталог үнемі жаңа білім беру және әдістемелік ресурстармен толықтырылып отырады.

Оқу жылы қашықтан оқытудан басталды. Колледждерде педагогикалық, экономикалық, IT, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бойынша оқыту 100% қашықтан жүргізіледі.

Техникалық, технологиялық, аграрлық бағыттар бойынша, медицина және өнер мамандықтары бойынша теориялық сабақтар онлайн өткізіледі. Кәсіптік практикадан, өндірістік оқытудан өту басқа мерзімге ауыстырылады (биылғы оқу жылында қарашадан бастау жоспарлануда).

Білім алушылар үшін онлайн-сабақтардың ұзақтығы 35 минуттан аспайды.

«Компьютері жоқ студенттерге бүгінде ТжКБ оқу орындары қорынан 2127 компьютер берілді. Колледждердің үнемделген қаражаты есебінен 224 компьютерлік техника сатып алынды. Тағы 250 ноутбук сатып алу жоспарлануда», — деді Ә. Мұханбетов.

Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің 3 курс студенті Олжас Базарбеков колледжде оқу қашықтан жүрзіліп жатқанын атап өтті. Оқу үшін барлық мүмкіндіктер бар: онлайн платформалар қолжетімді, студенттер қажетті техникамен және оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген.

Колледждер оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдармен және қажетті нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етілген.

«Қашықтан білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету бойынша ТжКБ ұйымдарының басшыларымен ДКБ жүйелі негізде жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыс біздің үнемі бақылауымызда», — деді Ә. Мұханбетов.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.