Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігі тұрғындардың қала аумағында ағаш егуге қатысты ұсыныстарын қабылдауға дайын

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау білдірді.

Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.

«Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ аккаунтына жолдауды ұсынамын. Қала тұрғындары үшін мұндай ақпаратты смартфондар арқылы жолдау әлдеқайда ыңғайлырақ болар еді», - деп жазылған комментарийде.

Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская бұл бастамаға қолдау білдірді.

«Біз осыған ұқсас ұсыныстарды қолдауға дайынбыз және қолдаймыз да. Әлеуметтік желілерге қатысты ұсыныс қолдау тауып отыр. Facebook және Instagram-да біз мониторинг қолданамыз. Бізде сонымен бірге, өзіміздің сайтымызда ағаш егуге болатын орынды немесе тэгті белгілейтін қосымша парақ ашу идеясы бар еді. Одан кейін барып біз ол орындарды өңдеп, ағаш отырғызу мүмкіндігі бар ма, жер учаскесінің меншік иесі бар-жоқтығын анықтау жұмыстарын жүргіземіз. Содан кейін барып жұмысқа кірісеміз және ағаш еге бастаймыз. Осы сияқты бастамаларды барынша қолдаймыз», - деді Наталья Ливинская.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.