Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігі Панфилов көшесіндегі жаңа брусчаткалардың неге ауыстырылып жатқанын түсіндірді

Қала әкімдігі тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және жол инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасы аясында Панфилов көшесінде тас төсемдерді жөндеу жұмыстары басталғанын айтты.

Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақтағы тас төсемдер 2017 жылдан бері жөндеу көрмеген.

«Панфилов көшесі бойынша жүріс бөлігінде тек автомобильдер үшін төсеніштер жөнделуде. Көптеген учаскелерде төсеніштер бүлінген, 2017 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қабанбай батырдан Бөгенбай батырға дейінгі жол бөлігі ауыстырылады, қалған бөлігінде Бөгенбай батырдан Арбатқа дейін шұңқырды жөндеу жүргізіледі»,- деп атап өтті аудандық әкімдіктен.

Әкімдік өкілдері, бүлінбеген тас төсемдер Панфилов көшесінің басқа учаскелерінде қолданылатынын жеткізді.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.