Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы уағдаласты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек IFC-дің Латын Америкасы, Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Джорджина Бейкермен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, оның аясында халықаралық қаржы корпорациясы қаланың инфрақұрылымын жаңғырту және мегаполиске халықаралық кредиттік рейтинг беруге байланысты консультациялық қызметтер көрсетеді.

Бірер күн бұрын тұрғындармен есептік кездесуі барысында Алматы әкімі өткен жылы қаладағы экономикалық өсім қарқыны 3,9%-ті құрап, халықтың өсім қарқынынан асып түскенін хабарлады. Яғни жан басына шаққандағы ЖӨӨ өсті. Дегенмен, қала басшысының айтуынша, алдағы уақытта 5% экономикалық өсімді қамтамасыз ету керек.

«Ол үшін инвестиция көлемін арттырып, үздік әлемдік тәжірибелер мен технологияларды пайдалану қажет. Сондықтан біз Дүниежүзілік банк, IFC, ЕҚДБ сияқты халықаралық қаржы институттарымен белсенді ынтымақтастықтамыз. Алматыға кредиттік рейтинг алу мәселесі шешілуде, бұл қала бюджетіне ұзақ мерзімді қарыз бен тікелей инвестицияларды тартуды жеңілдетеді. Осылайша, бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу үшін 410 млрд теңге инвестициялық әлеуеті бар ескі тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы, бағалау бойынша 16 мың адам жұмыспен қамтылады. Немесе Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатқан импортты алмастыру бойынша «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы. Біз шетелден әкелінетін тауарлардың көбін өзімізде өндіре аламыз. Үлкен әлеует бар. Алматыда өткен жылдың 11 айында импорт 3,7 трлн теңгені құрады. Бұл көлемнің оныншы бөлігінің орнын басудың өзі 50 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін еді», - деді Бауыржан Байбек.

Джорджина Бейкермен бүгінгі кездесу барысында мегаполис басшысы IFC мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты бойынша келісім-шарттарды сүйемелдеуде және қаланың инвестициялық көрсеткіштерінің айқын көрінісін жасауда үлкен халықаралық тәжірибеге ие екенін атап өтті. Алматыда ұзақ мерзімді шетелдік инвестицияларды қажет ететін ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Мысалы, солардың бірі LRT құрылысы. МЖӘ жобаларында IFC сараптамасы жобаның инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Джорджина Бейкер аталған келісімге қол қою ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктің басы болып табылатынын атап өтіп, Алматының Орталық Азиядағы жетекші мегаполис ретіндегі беделін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстандағы IFC стратегиясы инфрақұрылымға қол жеткізуді жақсартуға, экономиканы әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілікті қолдауға, қаржы секторы мен ШОБ-ті күшейтуге бағытталған. Дүниежүзілік банк тобына кіретін халықаралық қаржы корпорациясы инвестициялаумен қатар мемлекеттік органдарға, корпорацияларға МЖӘ тетіктерін дамытуда консультациялық қызметтер көрсетумен айналысады.

Айта кету керек, бүгінде Алматы елдің ІЖӨ-нің бесінші бөлігін құрайтын жоғары іскерлік белсенділік пен тұрақты экономиканың қаласы. Егер 2014 жылы инвестиция көлемінің 5%-ке төмендегені байқалса, өткен жылдың қорытындысы бойынша өсім 10,5%-ті құрады. Жалпы көлемі 732 млрд теңгеге жетті, оның ішінде 100 млрд теңгеден астамы шетелдік. Қазіргі таңда 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 4 теңге жеке инвестициядан келеді. Бұл ретте ШОБ-тің қала экономикасындағы үлесі 42,4%-ке, салықта - 64%-ке өсті.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.