Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласының ТЖ Департаменті тікұшақтардың әуеде ұшуына байланысты ескертеді

Бекітілген кестеге сәйкес, жақын күндері ҚР ТЖМ авиациялық бөлімшелерінің оқу-жаттығу ұшулары жоспарланған. Оқу-жаттығудың мақсаты:

Жыл сайын жоспарлы түрде биік көп қабатты ғимараттардағы өрттер, табиғи өрттерді сөндіру үшін арнайы құралдарды, яғни су төгу құрылғылары мен импульсті өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану, сондай-ақ құрлықтағы құтқару бөлімшелерімен өзара әрекеттесу дағдылары бойынша ұшу құрамының практикалық дағдыларын машықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты, «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Медеу аймақтық бөлімшесі «Аюсай» шатқалы аймағында тікұшақтарды байқауға болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.