Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласында Мәметова көшесі бойынша жол жүру қозғалысы ішінара шектеледі

27 қыркүйек сағат 10-нан 29 қыркүйек сағат 21-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Панфилов көшесінен Назарбаев даңғылына дейін шығыс бағытта Мәметова көшесі бойынша автокөліктерге арналған жол жабылады.

Шектеу кезеңінде екі бағытта да көлік қозғалысына көшенің солтүстік жағынан рұқсат етіледі.

Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

 

Дереккөз: «АлЖЖ» ЖШС

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.