Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласы жылыту маусымына 100% дайын

Бірінші кезекте жылуға денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік объектілер қосылатын болады.

Алматы қаласының білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй қоры объектілерінің қысқы жылыту кезеңіне дайындығы 100%-ды құрайды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Коммуналдық қызметтер алдағы жылыту маусымына дайындықты ағымдағы жылдың мамыр айында бастады, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. 413 білім беру, 129 денсаулық сақтау объектісі және 8 476 тұрғын үй қорының объектісі дайындалды. «Алматыжылужайнерго» ЖШС қазандықтарында көмір мен мазуттың қоры 100%-ды құрайды. «АлЭС» АҚ (ЖЭО-1,2, БЖК) энергия көздерінде көмір қоры 118%-ды және мазут 118%ды құрайды.

Сондай-ақ, ағымдағы және жоспарлы жұмыстар, оның ішінде тозуды төмендету мақсатында қолданыстағы желілерді реконструкциялау жұмыстары орындалды.

Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес қаланы жылу жүйесіне қосу сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +8°С және одан төмен болғанда бес тәуліктің ішінде жүргізіледі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.