2023-2024 жылдардың жылу беру кезеңіне дайындық жүргізу барысында Алматы қаласының әкімдігі көмірдің қорын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда.
Бүгінде, Алматы қаласы 99,2%-ға газдандырылған. Қалада барлығы 1074 газдандырылмаған тұрғын үй бар. Қала тұрғындары Түрксіб ауданында орналасқан 6 көмір базасынан көмірмен қамтамасыз етіледі. Көмір базаларындағы нақты қор 7,7 мың тоннаны құрайды, жолда отынның тағы 3,5 мың тоннасы бар.
Қазіргі уақытта, коммуналдық-тұрмыстық сектор, бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көмір сатып алу жұмысы жүргізілуде.
Дереккөз: Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы