Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беру кездесуі өтеді.
Қала әкімінің кездесуі 17 ақпанда сағат 10:00-де «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде онлайн өтеді.
Тікелей эфир «Алматы» телеарнасының және қалалық әкімдіктің сайтында әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында (Алматы әкімдігі, "Алматы" телеарнасы, Open Almaty) және YouTube арнасында көрсетіледі.
Қала тұрғындары сұрағы мен ұсынысын, талап-тілегін 1308 нөміріне (қоңырау тегін) және 8777 046 33 33 WhatsApp, Facebook-тегі ресми парақшаларға жолдай алады.
Ақпарат көзі: Almaty.tv